Несие рейтингін алу

ЖЕКЕ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГ АЛУҒА ӨТІНІШ

Мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-не (БСН 040940002421) (бұдан әрі — БКБ) менің жеке несиелік рейтингімді беруді сұраймын:

Мен БКБ-ға және «Development Way» ЖШС-ге (БСН 240240032737) (бұдан әрі — Оператор):

  • менің жалпыға қолжетімді және шектеулі қолжетімді жеке деректерімді (Т.А.Ә., ЖСН, биометриялық деректер, телефон нөмірі, мекенжайы және БКБ қызметтерін көрсету үшін қажетті басқа да ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) жинауға, өңдеуге, трансшекаралық беруге, БКБ қызметтерін көрсету мақсатында менің және менің құжаттарымның суретін түсіруге;
  • БКБ-ға мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен тұлғалардың дерекқорларынан, тікелей және үшінші тұлғалар арқылы қазіргі және кейінгі ақпаратты (Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген банк, салық және басқа да құпияларды қамтитын мәліметтерді қоса алғанда) алуға;
  • БКБ-дан кез келген қолжетімді тәсілмен хабарламалар мен ақпараттық материалдар алуға;
  • менің әрекеттерімді растау үшін қосымша құралдарды (SMS және т.б.) қолдануға;

келісім беремін, сондай-ақ:

  • осы өтінішті БКБ-ға жіберуге;
  • БКБ құрған жеке несиелік рейтингімді маған беруге Операторға өкілеттік (сенім) беремін.

Қызметті рәсімдеу үшін Оператор комиссия алуы мүмкін (ПКБ көрсетілетін Қызмет үшін Оператордың алатын комиссиясына жауапты емес).

Келісім мерзімі – осы келісімнің қайтарып алынуына дейін.

Өтініште көрсетілген барлық тапсырмалар мен мәліметтердің дұрыс толтырылғанын және менің шынайы ерік-жігерімді білдіретінін растаймын.